Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғады - Қазгидромет
Қостанай облысында боран соғып, тұман түседі, күндіз желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасындатып жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысында жаяу бұрқасынмен жел күшейеді (15-20 м/с). Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады, күндіз жаяу борасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады. Шығығс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман болады, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.