Дүйсенбі күні еліміздің солтүстік өңірінде қар жауады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлгінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Республиканың солтүстік пен солтүстік-батыс өңірінде ғана қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Алматы облысында екпіні 15-20 м/с болтын жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында түнде тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с болып, бұрқасын соғады. Ақмола, Жамбыл оббыстарында да желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады. Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Қызылорда облысының кей аймақтарында 15-20 м/с екпінмен жел соғып, түнде және таңертең тұман түседі. Атырау облысында тұман, көктайғақ болады. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман, күндіз 15-20 м/с екпінмен жел соғады, боран болады. Солтүстік Қазақстан облысында да желдің күші 15-20 м/с болып, бұрқасын соғады.

Соңғы жаңалықтар