Дүйсенбі күні елордада қатты жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні елордада қатты жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал

«Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, 29 шілде күні елордада қатты жел соғады, күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік, оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді», делінген хабарламада.