Дүйсенбі күні Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 қазан күні Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын болады, солтүстікте қар күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Дүйсенбі күні Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан,  Ақтөбе,  Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан,  Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, болады. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.