Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, республиканың батысында және солтүстік-батысында ғана кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қызылорда, Қостанай облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай ойнап, түнде жел 18 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.