Дүйсенбі күні мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысына кіріседі

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 6 тамызда ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалағымен
None
None

мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын бастайды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Комиссия құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері,  жоғары оқу орындарының ректорлары, білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы енді.

Еске салайық,  биыл елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуге 117 мың түлек қатысты. Олардың орташа балы 70,9 пайызды құрады. Ал тестілеуге қатысушылардың 36 пайызы немесе 47 мың түлек сынақ «табалдырығын» еңсере алмады.

Соңғы жаңалықтар