Дүйсенбі күні үш облыста аптап ыстық сақталады

Атап айтқанда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп, күндіз таулы аймақтарда найзағай күтіледі.
Сондай-ақ күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артып, Ақмола облысының жекелеген аудандарында найзағай болжанады.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында қатты ыстық ауа райы сақталады.
Дүйсенбі күні Ақтөбе, Атырау, Қызылордада, кей жерлерде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.