Дүйсенбі күні үш облыста аптап ыстық сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 тамыз күні Қазақстан территориясы антициклонның ықпалында болады. Осыған орай, жауын-шашынсыз күн райы сақталады, тек солтүстікте және шығыста атмосфералық фронттардың өтүіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жекелеген аумақтарда жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
None
None

Атап айтқанда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында  түнде және таңертең тұман болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының  кей аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп, күндіз таулы аймақтарда найзағай күтіледі.

Сондай-ақ күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артып, Ақмола облысының жекелеген аудандарында найзағай болжанады.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында қатты ыстық ауа райы сақталады.  

Дүйсенбі күні Ақтөбе, Атырау, Қызылордада, кей жерлерде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы,  Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады. 

 

Соңғы жаңалықтар