Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қараша күні еліміздің көптеген бөліктерінде фронтальды ауа бөліктерінің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

Ел өңірлерінің кей жерлерінде көбінесе қар жауып, бұрқасын болады, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейді. Тек оңтүстікте және батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейіп, бұрқасын және көктайғақ болады. Жамбыл, Батыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман сақталады.