Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігін тұман басып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінің жер-жерлерінде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ орын алады, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігін тұман басып, жел күшейеді

Ақмола облысының кей аймақтарында боран соғып, тұман түседі, көктайғақ орын алып, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды облысында кейбір ауданда боран соғып, күндіз жел 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ орын алады. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман басып, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жер-жерлерінде тұман түссе, жел 15-20 м/с-қа күшеймек. Қызылорда облысының кейбір аймақтарында да тұман, көктайғақ орын алып, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Ақтөбе және Қостанай облысының да кейбір аймақтарында боран күтіледі, жел 15-20 м/с-қа жетіп, түнде, таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Астанада күн бұлтты, қар жауып, боран соғуы мүмкін. Жел оңтүстік шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде және күндіз темепература 4-6 градус аяз болады.

Алматыда бүгін ауыспалы бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы 0 градусты көрсетсе, күндіз 10-12 градус жылы болады.