Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыша антициклонның ықпалымен күн ашық болады, солтүстікте, шығыста, орталықта және оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ғана атмосфералық ағындардың өтуімен жауын-шашынды болып, бұрқасын көтеріледі, жел күшейеді, Қазақстан аумағының кейбір жерлерінде тұман түсуі күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайдар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Алматы облысындағы Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с-қа дейін күшейіп, ұйтқуы 28 м/с-қа дейін жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с. Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Павлодар облысында түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұрқасындатады.