DVD-де «Қазақ киносының антологиясы» жинағы шықты

АЛМАТЫ. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Сара Мұстафина/ - DVD-дегі қазақ киносының антологиясы» жинағы Жаңа жыл қарсаңында шықты, деп хабарлайды «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметі.
None
None

Жинаққа отандық режиссерлердің 60 жылдардағы классикадан соңғы киножаңалықтарға дейін әр жылдары жасалған туындылары кірді.

Атап айтқанда, оған А.Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» (1963), Ш.Аймановтың «Тақиялы періште» (1968), С.Нарымбетовтың «Жас аккордеоншының өмірбаяны» (1994), Т.Теменов пен И.Пассердің «Көшпенді» (2005), Ф.Шәріповтың «Алқызыл қоян туралы ертегі» (2010), А.Сатаевтың «Жоюшы» (2011) және тағы басқа фильмдер кірді.

Бұрын хабарланғандай, антологияның шығарылуы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Оның тұсаукесері 2011 жылдың 15 желтоқсанында Астанадағы қазақстандық киноның онкүндігі аясында өтті.

Соңғы жаңалықтар