Двигателі жанған жолаушылар ұшағы Дубайға жете алмай қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 қазан күні Пәкістан әуежайынан Дубайға бағыт алған Emirates әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Карачи қаласына қайта оралуға мәжбүр болды. Себебі, оның двигателі өртене бастаған.

Двигателі жанған жолаушылар ұшағы Дубайға жете алмай қалды

Бұл туралы Express Tribune газеті жазады деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Төтенше оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шеккен, абырой болғанда, олар жеңіл-желпі ғана жарақаттар алған. Ал ұшақта жалпы саны 82 жолаушы болған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыстар жүргізді.