Дычко мексикалық «Супермэнмен» қолғап түйістіреді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычко келесі жекпе-жегін 8-желтоқсан күні өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Дычко мексикалық «Супермэнмен» қолғап түйістіреді

Әуелде жекпе-жек 1 желтоқсанда Тампта (АҚШ, Флорида штаты) қаласының USF Sun Dome аренасында өтеді деп жоспарланған. Жерлесіміздің қарсыласы жергілікті боксшы Ламарко Эллис болуы керек еді. Бірақ кеше Дычконың кіммен жұдырықтасатыны анықталды.

Енді 8-желтоқсан күні қостанайлық боксшы өзінің үшінші жекпе-жегін 39 жастағы мексикалық Карлос Сандовальға қарсы өткізеді. Алты раундтан тұратын айқас АҚШ-тың Флорида штатында болады.

Карлос Сандовальдың лақап аты - «Супермэн». Ол кәсіпқой бокста барлығы 25 кездесу өткізіп, оның 10-да жеңіске жеткен. Кәсіпқой рингке 1997-жылы көтерілді. Айта кетейік, ол кезде Дычко небәрі 7 жаста болатын.