«Дю-Солей» циркінің акробаты өнер көрсету кезінде қаза болды

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Канадалық «du Soleil» циркінің акробат қызы Лас-Вегаста өнер көрсету кезінде қаза болды. Бұндай қайғылы оқиға «Дю Солей» циркінің 30 жылдық тарихында тұңғыш рет болып тұр, деп хабарлайды АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдары.
None
None

20 жылдық тәжірибесі бар 31 жастағы Сара Гийяр-Гийо адам ойламаған жерде 15 метр биіктіктен құлаған. Жедел жәрдем қызметкерлері қызды ауруханаға жеткізіп үлгергенмен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Соңғы жаңалықтар