15:28, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Дж.Буш Б.Обаманы ұлықтаудан кейін жұмыс жасау үшін құны жылына 311 мың доллар тұратын кеңсе алады
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат – АҚШ Президенті Джордж Буш қаңтардың 20-сынан кейін жұмыс жасау үшін Далластан кеңсе алады.
АҚШ-тың жалпы басқару қызметі өкілдерінің айтуынша, көлемі 2,4 мың метр, жалдау құны жылына 311 мың доллар тұратын кеңсе Ақ Үйдің қазіргі басшысына 10 жылға пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Дж.Буш бұл ғимаратқа биылғы жазда кіреді. Ал оған дейін басқа кеңсе беріледі. Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылғы қаңтардың 20-сында Вашингтонда жаңа сайланған АҚШ Президенті Барака Обаманы ұлықтауға арналған салтанатты шара өтеді.