Джакартада Ахмет Байтұрсынұлының туындылары таныстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінде ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы, алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Іс-шараға «Dimash Indonesian Dears» жанкүйерлік клубының мүшелері, Джакартаның жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері, «Dompet Dhuafa» қайырылымдық қорының өкілдері, танымал индонезиялық блоггерлердің бірі Лиа Малик, сондай-ақ Индонезия жазушылар бірлестігінің мүшесі, бірқатар романдар мен әңгімелердің авторыАсма Надия қатысты. Онда Елшіліктің дипломаттары Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы және саяси қызметі туралы презентация жасады. Ұлт ұстазының қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы деректі фильм көрсетілді», - деп жазды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.
Сонымен қатар, «Dimash Indonesian Dears» жанкүйерлік клубының мүшесі Тита Коссатита А.Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңін қазақ тілінде оқып беріп, оның мазмұнын индонезиялық тілде айтып берді.




Фото : gov.kz