Джакартада Boeing-737 ұшағының құйрығы мен қанаты жұлынып түсті - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия астанасы Джакартада Boeing-737 ұшағының қанаты мен артқы бөлігі жұлынып түсті.
None
None

Жерден көтеріле берген кезде ATR 42 ұшағымен соқтысқан лайнер айтарлықтай зақымданған. Бұл туралы жергілікті БАҚ жарыса жазуда.

Әуе кемесі Джакартадан осы елдің Макасар қаласына ұшуы тиіс еді. Ал бұдан сәл кішірек ATR 42 ұшағына не болғаны және қайда баруы керек болғандығы жайлы ақпарат жоқ, деп жазады 24.kz.

Оқиға орнында төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта әуежай уақытша жабық тұр.

Соңғы жаңалықтар