Джакартада бөгеттің бұзылуы салдарынан 18 адам қаза тапты
ДЖАКАРТА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат – Индонезия елордасында бөгеттің бұзылуы салдарынан 18 адам қаза болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Елдің денсаулық сақтау ведомствосының хабарлауынша, оқиға салдарынан 400-дей үйді су басып қалып отыр. Құрбан болғандардың саны әлі де артуы мүмкін, себебі бөгет адамдар ұйықтап жатқан кезде бұзылған. Оқиғаның себебі әлі белгісіз.