Джакартада жарылыс болды
ДЖАКАРТА. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат - Индонезияның астанасы - Джакартада шілденің 17-сінде таңертең Ritz-Carlton және Marriott қонақүйлерінің маңында екі жарылыс болды. Оның салдарынан кемінде 9 адам қаза тапты, 40-қа жуығы жарақат алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Полиция бүгінгі лаңкестік оқиғасына Marriott қонақүйінің нөміріне қонақ болып келген желеумен тоқтаған адамдардан күдіктенеді. Ritz-Carlton және Marriott талғамға сай қонақүйінде екі жарылыс болды. Индонезия үкіметі 9 адамның қаза тапқанын және 52 адамның жарақат алғанын хабарлайды.