Джакартада жарылыстан үш адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия астанасы Джакартада бірнеше жарылыс болып, үш адам қаза тапты, қалада атыс болып жатыр, деп хабарлады Франс Пресс агенттігі.
Қаладағы дәмханалардың бірінде атыс шығып, бірнеше жарылыс болды, делінген франциялық агенттік мәліметінде.
«Wall Street Journal» басылымы алты жарылыс болғанын хабарлады.
Ассошиэйтед пресс агенттігінің деректеріне сәйкес, олардың бірі сауда орталығына қарама-қарсы жерде болған. Ауданда мейрамхана, елшілік, кеңсе ғимараттары орналасқан.