Джанни Инфантино ФИФА-ның жаңа президенті болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Цюрихте өтіп жатқан Халықаралық футбол федерациясының президентін сайлаудың екінші туры қорытындысымен ұйымның жаңа басшысы Джанни Инфантино болды. Бұл туралы Lenta.ru ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Джанни Инфантино ФИФА-ның жаңа президенті болып сайланды

Екінші раундыда Еуропалық футбол қауымдастығының бас хатшысына (УЕФА) 115 ел, Азия футбол конфедерациясының басшысы шейх Салманға - 88, Иордания ханзадасы Али бин Әл-Хусейнге - 4 , ФИФА-ның бұрынғы бас хатшысының орынбасары француз Жером Шампаньға - 0 адам дауыс берді. ФИФА жарғысына сәйкес екінші турда жеңіске жетуі үшін кандидат кемінде дауыстың жалпы санының жартысын жинауы тиіс.

Сайлаудың бірінші кезеңінің қорытындысымен жеңімпаз анықталмады. Инфантино 88 дауыс, шейх Салман - 85 дауыс жинады, қалғандары көп дауыс ала алмады. Оңтүстікамерикандық Токио Сексвале дауысқа түсуден бас тартты.

Бұдан бұрын біліктілігінен айырылған Индонезия мен Кувейт ұлттық футбол федерациялары сайлауда дауыс беру құқығынан айырылды.