Джастин Бибер 30 жасқа дейінгі ең жоғары табыс табатын атақты адамдар тізімінің басында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық әнші Джастин Бибер жасы 30-ға толмаған ең жоғары табыс табатын атақты адамдардың тізімін бастады. Бұл дерек Американың Forbes журналында жарияланды.
None
None

Басылымның мәліметтері бойынша, өткен жылдың маусымынан биылғы жылдың маусымына дейін Бибер шамамен 80 млн. доллар пайда тапқан. 20 жастағы поп-орындаушыға кірістерінің негізгі сомасы әлемдік турнеден түскен.

Бұл рейтингтегі он орынның тоғызында музыканттардың есімдері аталған. Екінші орында британдық One Direction поп-тобы. Бір жылда ұжым 75 млн. доллар пайда тапқан. Топтағы музыканттардың орташа жасы - 21.

Көш бастаған үштікте 24 жастағы америкалық орындаушы Тейлор Свифттің есімі де бар. Музыканы кантри стилінде орындайтын оның кірісі 64 млн. долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар