Джастин Бибер көшеде түнейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық поп-орындаушы Джастин Бибер Лос-Анджелес көшелерінің бірінде түнеп шығатын болды. Әнші осындай қадамға үйсіз-күйсіз жүрген жандарға қоғам назарын аударту үшін барғалы отырғанын хабарлаған. Ол, сондай-ақ, өз имиджін қалпына келтіруді де мақсат еткенін жасырмайды.

Джастин Бибер көшеде түнейтін болды

Айта кетейік, биыл Джастин Бибер бірнеше даудың ортасында қалды. Қаңтар айында әншіні Майамиде мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұстаған. Шілде айында өзгенің мүлкіне зақым келтіргені үшін (ол көршісінің үйіне жұмыртқа лақтырған) сот оны шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырған.

Тағы да осы шілде айында ол Испанияның Ибица аралында Голливуд әртісі Орландо Блуммен төбелескен. Сондай-ақ, қараша айының ортасында сот әншіні тергеуге шақырып, оның фотографты сабағандардың ішінде болғанын анықтаған, деп жазады Росбалт.