Джеб Буш АҚШ президенттігіне үміткерліктен бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Флориданың бұрынғы сенаторы Джеб Буш Республикалық партиядан президенттікке үміткер болу құқығына күресті жалғастырудан бас тартты, деп мәлімдеді Би-би-си.
None
None

Буш жүргізілген науқанға ризашылығын білдіріп өтті. «Айова, Нью-Гэмпшир мен Оңтүстік Каролина халқы өз ойларын айтты», - деп мәлімдеді ол.

Бұрынғы сенатор Оңтүстік Каролинада праймериз нәтижелері жарияланғаннан кейін сайлауалды додадан шығатын болып шешті.

Алдын ала дауыс беру нәтижесі бойынша ол 8 пайыздық нәтижемен Джон Кейсик, Тед Круз, Марк Рубио және Дональд Трампты алға оздырып, соңғының алдындағы орынға жайғасты.

Буштың шешімі партия қазынасынан ондаған миллион долларды басқа үміткерлерді қолдауға бөлуге мүмкіндік береді, деп атап өтеді Washington Post.

Бұл қаражат Марк Рубионы қолдауға жұмсалуы мүмкін, деп жазады газет.

Джеб Буш - бұрынғы президент аға Джордж Буштың ұлы, бұрынғы президент кіші Джордж Буштың інісі.

Соңғы жаңалықтар