Джек Николсон үйін 11 миллион долларға сатты
АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Атақты актер Джек Николсон Колорадо штатының тау шаңғысы курортындағы аумағы 1,7 мың шаршы метрді алып жатқан үйін сатты, деп хабарлады "7 дней.ру".
75 жастағы актер оны өзінің досы, режиссер және продюсер Лу Адлермен бірге сатып алыған болатын. Бес жатын бөлмесі, жеті санитарлық торабы бар жеке тұрған бұл үйді олар 15 миллион долларға сатпақшы болған еді, ақырында ол жаңа қожайынға 11 миллион долларға өтты, деп хабарлады ресейлік "Жаңалықтар" агенттігі.
"Оскар" сыйлығының үш мәрте иегері Николсон бұл үйді 1980 жылы Лу Адлермен бірге сатып алған болатын. Ол Аспен тауының маңында Уэст Энд деген елді мекенде орналасқан. Бұл жер АҚШ-тың тарихи орындары тізіліміне енгізілген.
Джек Николсон туралы ғұмырнамалық кітап жазған Дэннис Макдауэлдің айтуынша, олардың бұған дейін де Аспенде үйі болған. Бірақ ол жерде телехабарларды қабылдау нашар болып, Николсон өзі жанкүйер болған "Лос Анджелес Лэйкерс" баскетбол командасының ойындарын көре алмайтын болғасын, достар басқа үйді сатып алуға мәжбүр болған.