Джеки Чан Қазақстанда фильм түсіру мәселесін тағы қозғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге әйгілі актер Джеки Чан біздің елімізде кино түсіру туралы уәдесін ұмытпай, осы турасында өз ойын білдірген. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқармасының төрағасы Ерлан Қарин «Инстаграмдағы» парақшасында жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қытай елінде Ерлан Қарин Джеки Чанмен кездесіп, осы сұрақ турасына әңгіме өрбіткен.

«Астанаға жасаған сапарынан кейін Джеки фильмдерінің бірін Қазақстанда түсіру туралы өз идеясына тіпті қызыға түсті. Тіпті бұл турасында бір ойын да айтып қалды. Бұған қоса біздің елден алған әсерімен тағы бөлісті. Астананың көркіне тамсанғанын, қазақстандықтардың қонақжайлығына тәнті болғанын айтты», - деп жазды Ерлан Қарин.

Еске сала кетсек, осы жылдың шілде айында Джеки Чан Астанаға келіп, қытай киноларының фестиваліне қатысқан болатын. Дәл осы сапарында актер Қазақстанда фильм түсіргісі келетінін білдірген.

Соңғы жаңалықтар
telegram