Джеки Чан «Оскар» сыйлығын алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Танымал қытайлық кино әртісі әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан кинематография саласындағы ерен еңбегі үшін «Оскар» сыйлығын алады" делінген америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының мәлімдемесінде.

Джеки Чан «Оскар» сыйлығын алады

Марапаттау рәсімі 12 қараша күні Лос-Анджелесте өтеді. Гонконг тумасымен қатар ескерткіш сыйлықпен деректі фильм шебері Фредерик Уайзман, монтаждаушы Энн Коутс пен әртістерді іріктеу режиссері Линн Сталмастер марапатталмақ, деп жазады РИА Новости.

Джеки Чан 100-ден астам фильмнің басты рөлін сомдаған. Ол өзінің акробатикалық жекпе-жек стилімен және күлдіргі бейнесімен көпшілікке танымал.