Джеки Чанның ұлы есірткі сақтағаны үшін жарты жылын түрмеде өткізуі ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі кино әртісі, шығыс жекпе-жегінің шебері Джеки Чанның ұлы алты ай темір торға қамалуы мүмкін.
Ол есірткімен ұсталған. Мұндай үкім шығарылуы ықтимал екендігін заңгерлердің пікірін сұраған South China Morning Post газеті жазып отыр.
32 жасар Джейси Чан - әртіс, музыкант - Бейжіңде тайвандық кино жұлдызы Кай Комен бірге Бейжіңде қолға түскен. Талдау екеуінің де қанында есірткі іздерінің бар екендігін көрсетті, пәтерді тінту барысында Чаннан 100 грамнан астам қарасора табылған. Ол есірткіні 8 жылдан бері қолданатынын мойындады.