Джеки Чанның ұлы түрмеден босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі актер Джеки Чанның ұлы 32 жастағы Джейси Чан бостандыққа шықты, деп хабарлады Reuters. Тергеу кезіндегі мерзімді есептегенде ол 6 ай темір тордың ар жағында отырған.
Қытайлық полицейлер оның үйін тінту кезінде 100 г марихуана тапқан соң Джейси Чан 6 айға сотталған. Оған есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген айып тағылды.
Үкім 9 қаңтарда шыққан. Сот Чанды бостандығынан айырып қана қоймай, оған $322 көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген.