Джеки Чанның ұлы тұтқынға алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат -Атақты әртіс Джеки Чанның ұлы Джейси Чан Бейжіңде есірткі қабылдағаны үшін ұсталды. Бұл туралы "South China morning post" газеті хабарлады.
Фан Цзумин атымен танымал 32 жасар музыкант және әртіс тайвандық кинематограф Кэ Чжэньдонмен бірге тұтқынға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы ашып айтылмай отыр.
Джейси Чан 1982 жылы 3 желтоқсанда Лос-Анджелесте ата-аналары некеге отырғаннан кейін бір күннен кейін дүниеге келген.
АҚШ-та өскен. Санта-Моника жоғары мектебін бітірген және Уильямсбергте (Вирджиния штаты) "Уильям энд Мэри" колледжіне түскен. Алайда онда екі семестр ғана оқыған.
Ол Лос-Анджелесте әртістік шеберлік пен билеуді, сондай-ақ үш жыл бойы классикалық гитарада ойнауды үйренген. 20-дан астам фильмге түскен.