Дженнифер Лопес футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатының ресми әнін орындайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық әнші Дженнифер Лопес амеикандық-кубиндік рэп әншісі Питбуль мен бразилиялық Клаудиа Лейттемен бірге футболдан әлем чемпионатының Сан-Паулудағы ашылу салтанатында, Бразилия мен Хорватия құрамалары арасындағы кездесудің алдында ресми әнді орындайды.
Бұл туралы Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Турнирдің ресми әні - «Біз біргеміз» композициясы. Сондай-ақ ашылу салтанатына 600-ден астам биші мен цирк әртістері қатысады. ФИФА-ның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шоу 25 минутқа жалғасады.
Ашылу салтанаты ертең, 12 маусымда «Коринтианс Аренасында» өтеді.