Дженнифер Лопес тыңдармандарын алты метрлік көйлегімен таңғалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Дженнифер Лопес American Idol телешоуында өнер көрсету кезінде тыңдармандарын киген киімімен таңғалдырды.

Дженнифер Лопес тыңдармандарын алты метрлік көйлегімен таңғалдырды

«Ханшайымның» диаметрі алты метрді құраған ақ түсті көйлегінің белдемшесін сахнаға жайып, экранға айналдырды.

Feel the Light атты жаңа синглын орындау кезінде Лопеске энергиялық қиылдардан бас тартуға тура келді. Сонда да көрермендер оның шоуына тәнті болды. Көйлек бір кездері сахнада проекцияланған электр разрядтары және жұлдызды аспанмен қосылып жоғалғандай болды.

Стилист әрі дизайнер Мариэль Хенн People журналына көйлекті дайындауға көп уақыт кеткенін, бірақ барлық еңбектің ақталғанын айтты. «Алған нәтижеден бас айналарлықтай әсерде болдық», - деп атап өтті ол.