Джерри Браун Калифорнияның жаңа губернаторы болды

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Сакраментода Калифорния штатының жаңа губернаторы демократ Джерри Браунды ұлықтау рәсімі өтті. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Джерри Браун Калифорнияның жаңа губернаторы болды

Браун Калифорния штатының губернаторы, республикалық партияның мүшесі, киноактер Арнольд Шварцнеггерді алмастырды. Ол мұнда жеті жыл билік құрған болатын.

72 жастағы Браун 1975-1983 жылдары да штатты басқарған еді, соңғы кезге дейін ол штаттың бас прокуроры қызметін атқарды, деп хабарлады Утро.ру агенттігі..