02:42, 26 Ақпан 2017 | GMT +5
Джесси Варгас: Головкин Джейкобсты нокаутқа түсіреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық боксшы Джесси Варгас Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) жекпе-жегіне байланысты өз пікірін білдірген. Бұл туралы EsNews жазды.

"- Головкин - Джейкобс? Керемет айқас болады. Екеуінде де күш жетерлік, сондықтан бұл жанкүйерлер үшін аса қызықты шоу болмақ. Менің ойымша, GGG соққылары тегеурінді және ол нокаутпен жеңеді. Джейкобстың осы айқасқа байланысты дайындығы мықты болуы керек", - деді Варгас өз сұхбатында.
Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.