Джей Ло Қазақстанға келеді

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемдік жұлдыз Up All Night турнесінің басталғанын жариялады.

Джей Ло Қазақстанға келеді
Фото: instagram.com/onthejlo

Бұл туралы әншінің Instagram желісіндегі ресми дереккөзден белгілі болды.

Америкалық актриса және әнші Дженнифер Лопес гастрольдік сапары аясында 1 тамызда Астанада Astana Arena-да өнер көрсетеді.

Джей Ло Қазақстанға келеді
Фото: instagram.com/onthejl

Тур 1 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады. Ол әлемнің 17 қаласын қамтиды, соның ішінде: Анталья мен Ыстанбұл, Мадрид пен Барселона, Будапешт, Варшава, Бухарест, Әбу-Даби және т.б. бар.

- Барлық халықаралық JLovers үшін айтарым, мен осы жазда бірнеше таңдаулы орында өнер көрсетемін. Сахнаға қайта оралып, бәріңізді көргенше асықпын. Бұл таңғажайып жаз болады, - деп түсіндірді Дженнифер Лопес алдағы тур туралы.

Соңғы жаңалықтар