Джейкобс Деревянченконы жеңіп, GGG айрылып қалған титулды иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Дэниел Джейкобс (35-2, 29 КО) төрешілердің шешімімен Украина боксшысы Сергей Деревянченконы  (12-1, 10 КО) жеңіп, IBF орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) бос титулына ие болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Джейкобс Деревянченконы жеңіп, GGG айрылып қалған титулды иеленді

Бірінші раундта украиналық боксшы нокдаунға түсті, бірақ айқас белгіленген 12 раундқа дейін жалғасты. Төрешілердің шешімі бірауыздан болған жоқ:  Деревянченко пайдасына - 114-113 ұпай, ал Джейкобстың пайдасына екі рет 115-112 ұпайдан берілді.

Еске сала кетейік, белбеу ұйым оны Головкиннен тартып алған соң бос тұрды. Бұған қазақстандық боксшының рингте Деревянченкомен кездесуден бас тартқаны себеп болған.

Бұл бокс кеші бокстан кетуге шешім қабылдаған НВО арнасындағы соңғы титулдық айқас болуы мүмкін.