Джейкобс GGG-мен реванштан бұрын кіммен бокстасуы керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com сайтының журналисі Скотт Гилфойд Дэниэл Джейкобсқа (33-2, 29 КО) Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) реванштан бұрын рингте кіммен айқасу керектігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Джейкобс GGG-мен реванштан бұрын кіммен бокстасуы керек

«Олардың екінші айқасы біріншісінен әлдеқайда өзгеше өтеді. Головкин шешімді күткісі келмей Джейкобсты нокаутқа түсіруі мүмкін. Сондықтан, Ариаспен айқастан кейін Головкинді рингке шақырмас бұрын, мына жігіттермен жұдырықтасып, бокс әлемінде өз атын шығару керек: Сергей Деревянченко, Джермалл Чарло, Джермелл Чарло, Эрисланди Лара, Туреано Джонсон, Деметриус Андраде, Риота Мурата, Крис Юбэнк, Каллум Смит, Джеймс Дигейл, Давид Бенавидес, Хильберто Рамирес, Джордж Гроувз. Мен бұл тізімге орта және супер орта салмақтағы боксшыларды қосар едім - бұл оның танымалдылығын арттыруға көмектесер еді», - деп есептейді автор.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс 18 наурызда Нью-Йоркте айқас өткізді. Бұл жекпе-жекте Геннадий жеңіске жетті.