Джейкобс Головкинмен қарымта кездесу өткізу туралы пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Regular) нұсқасы бойынша бұрынғы орта салмақтағы әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс Геннадий Головкинмен қарымта кездесу өткізу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Джейкобс Головкинмен қарымта кездесу өткізу туралы пікір білдірді

«Головкин мен оның командасының өз жоспарлары бар екенін түсінемін. Геннадий өз мансабының соңғы кезеңіне келіп қалды, сондықтан олар барын салып тырысып жатыр. Сол себепті менімен қарымта жекпе-жек өткізу оған қаржылық жағынан тиімсіз болар еді. Бұл айқастың тиімсіз екенін біле тұра жекпе-жекті өткізуге келісім беру - тәуекелге бас тігу. Ол дене бітімі шағын Канеломен жұдырықтасып, жанкүйерлер санын еселеп, көп табыс табады. Бизнес жағынан қарасақ, бұның маңызы зор. Әрине, мен 100% қарымта кездесудің өткенін  қалаймын. Бірақ, егер GGG басқа бағытты таңдаса, оған ренжімес едім», - деп Boxingscene.com Джейкобстың сөзін келтіреді.

Еске сала кетейік, 18 наурыз күні 12 раундқа созылған айқаста Головкин төрешілердің бірауыздан шешімімен Джейкобстан басым түскен болатын.