Джейкобс Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкинге қарсы реваншқа өзінің боксшысы Дэниел Джейкобстың дайын екендігін жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Джейкобс Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге дайын

«Головкин мамыр айында Сауль Альвареспен матч-реванш өткізуге дайындалып жатыр. Егер аталған қарымта жекпе-жек  қандайда да бір себептерге байланысты болмай қалса, ол Джейкобспен шаршы алаңда қайта кездесе алады», - дейді Хирн BoxingScene-ке берген пікірінде.

Айта кетейік, Геннадий Головкин рингке мамыр айында қайта оралып, мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізуді жоспарлауда.