Джейкобс Головкинмен кездесуі мүмкін екенін растады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы Дэниел Джейкобс Fighthype.com сайтына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен болуы ықтимал кездесу туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Джейкобс Головкинмен кездесуі мүмкін екенін растады

«Біз қазір өзара келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл іспен біздің промоутерлеріміз айналысуда. Әзірге бәрі дұрыс, егер екеуара келіссөздер осы қалпымен жалғаса беретін болса, біз келесі жылдың наурызында кездесіп қалуымыз мүмкін. Мен солай болса екен деп үміттенемін. Мен бұл кездесуді жан-тәніммен күтіп жүрмін. Енді оның қалай боларын уақыт көрсетер»,-деді Джейкобс.

Осыған дейін Головкиннің бапкері Абель Санчес Джейкобс пен Головкиннің кездесуі ақпанда не наурызда өтуі мүмкіндігін айтқан болатын. Әуелде Головкин-Джейкобс кездесуі 10 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда, тараптар кездесудің қайда өтетіні және кірістердің қандай мөлшерде бөлінетініне байланысты мәселені шеше алмады.