Джейкобс Головкинмен тағы да жұдырықтасқысы келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) болатын реванш жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Головкинге айтарың бар ма деймісіз? Жоқ, менің Геннадийге айтар уәжім жоқ. Ол тамаша жігіт, маған ұнайды. Мен - чемпионмын, сондықтан тағы да қайтадан жекпе-жекке шыға аламыз. Мен таяу уақытта сол айқастың болғанын қалаймын. Үздіктермен, чемпиондармен жұдырықтаса алмасам, онда соған үміткерлермен айқасуыма болады ғой», - деді Джейкобс.

Еске сала кетейік, Головкин мен Джейкобс өткен жылдың наурызында Нью-Йоркте жекпе-жеке шыққан болатын. Кездесу қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Дегенмен, көптеген сарапшылар мен жанкүйерлердің пікірінше, бұл - Головкиннің мансабындағы ерекше айқастардың бірі. Өйткені, оның қарсыласы Геннадийдің әлсіз тұстарын тауып, «құбыжық» кейпінің быт-шытын шығарды.     

Соңғы жаңалықтар
telegram