Джейкобс Головкиннің күшін бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) өзінің бұрынғы қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) соққысының күші туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Мен оның күшіне қалай баға берем? Егер оның күшін он балдық жүйемен есептесек, мен оған 8 балды қояр едім. Иә, шамамен солай», - деді Джейкобс.

Еске сала кетейік, 18 наурызда Геннадий Головкин Нью-Йорктегі "Madison Square Garden" сарайында өткен, 12 раундқа созылған жекпе-жекте американдық Дэниэл Джейкобсты жеңіп, өз белбеулерін қорғап қалған болатын.  

Соңғы жаңалықтар