13:27, 19 Наурыз 2017 | GMT +5
Джейкобс төрешілердің шешіміне күмән келтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Джейкобс Головкинмен жекпе-жегінен кейін БАҚ өкілдеріне берген шағын сұхбатында төрешілердің шешіміне күмән келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен жеңіске жеттім деп ойладым, маған көбірек көңіл бөлінбеді. Кем дегенде екі раундта басым болдым. Бірақ бұл - бокс», - деп атап өтті ол тілшілерге берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нью-Йоркте аяқталған бокс кешінде Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобсты 12 раундта ұпай санымен ұтты.