Джейкобсты нокаутпен жеңгенде Альвареспен кездесе алмайтын едім - Головкин
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA, WBC пен IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің пікірінше, соңғы жекпе-жекте Дэниэл Джейкобс нокаутпен жеңілген жағдайда Сауль Альварес GGG-мен жұдырықтасуға келіспейтін еді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Boxing Scene сайтына сілтеме жасап.
"Джейкобс - өте жақсы боксшы. Ол кез келген қарсыласқа төтеп бере алады. Өзі ірі және жақсы бокстасады. Мен өзім ол жекпе-жекте жеңгенімді білемін. Сол кезде маған төрешілер шешімімен жеңу керек еді, 12 раунд бойы бокстасқан маңызды болды. Ол Golden Boy-ға қарай жасалған алғашқы қадам еді. Мен әдемі бокстасып, бірінші нокдауннан кейін бірден оны жермен жексен қылғанда 16 қыркүйектегі жекпе-жек болмайтын еді", - дейді Геннадий Головкин.
Айта кетейік, Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегінен кейін оның дайындығына қатысты сан алуан пікірілер айтыла бастады. Біреулер Головкиннің жасы келіп, күші сарқыла бастағаны жайында айтса, енді біреулер GGG-дің өз-өзіне тым сенімді болып кеткенін сынға алды. Ал Дэниэл Джейкобс болса, Геннадий Головкиннің нокауттар сериясын тоқтата білген мықты боксшылардың қатарына қосылды.