Джеймс Бондтың рөлін сомдаған актер қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Джеймс Бонд рөлін сомдаған британдық актер Роджер Мур 89 жасында өмірден озды. Бұл туралы Independent газеті хабарлайды.
Актердің балалары Дебора, Джоффри мен Кристиан Twitter-дегі Роджер Мурдің ресми парақшасында бұл хабарламаны растады.
«Өте ауыр жаңалықпен бөлісуге тура келуде, біздің әкеміз Роджер Мур бүгін көз жұмды. Өміріміз бос қалғандай», - делінген хабарламада.