Джеймс Камеронның жаңа фильмі тарихтағы ең қымбат фильм болмақшы
МӘСКЕУ. Наурыздың 21-і. ҚазАқпарат – Джеймс Камеронның «Аватар» фантастикалық фильмі кинематограф тарихындағы ең қымбат фильм болғалы тұр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Утро.ру» агенттігіне сілтеме жасап.«Аватардың» бюджеті 300 миллион доллардан асты. Бұған дейін бюджеті 300 миллион долларға жеткен «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмінің үшінші бөлімі ресми түрде ең қымбат фильм болып саналады. «Аватар» фильмімен жұмыс әлі аяқталған жоқ. 300 миллион долларға жарнама науқанына шығындар енгізілген жоқ, сондықтан да ол тарихтағы ең қымбат фильм болмақшы.