Джеймс Кэмерон «Аватардың» жалғасын түсіруге кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Режиссер Джеймс Кэмерон өзінің «Аватар» фильмінің жалғасын түсіруді қолға алды.
None
None

Deadline-ның хабарлауынша, фильмнің екінші бөлігін шығару 2020 жылдың 18 желтоқсанына жоспарланған. Келесі бөлімінің тұсаукесері 2021 жылдың желтоқсанында, ал қалған төртінші және бесінші фильмдер сәйкесінше 2024 және 2025 жылдары шығады деп жоспарланып отыр, деп жазды Росбалт.

Фильм түсірілімінің жалпы бюджеті миллиард доллардан астам қаражатты құрайды. Бұл жоба кинематография тарихындағы ең қымбат жоба болайын деп тұр.

Айта кетейік, «Аватарда» Пандора ғаламшарындағы жарымжан сарбаздың бастан кешкен оқиғалары баяндалады.

Фильм ең үздік операторлық жұмыс, таңдаулы декорациялары мен визуалды әсерлері үшін үш мәрте «Оскар» сыйлығын иеленген. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум