Джеймс Кэмерон Хиросима мен Нагасакидің қасіреті туралы алты сағаттық фильм түсірмекші

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Белгілі кинорежиссер Джеймс Кэмерон Хиросима мен Нагасакидің атом қаруымен бомбалануы туралы алты сағаттық фильм түсірмекші,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.руға сілтеме жасап.

Бұл жөнінде «Майнити» жапондық газетінде жазушы Чарльз Пеллегрино - «Хиросимадан шыққан соңғы пойыз. Куәгердің естелігі» атты романының авторы мәлім етті. Кітап қаңтардың 19-ында шықпақшы. Онда 1945 жылы атом бомбасы тасталған екі қаладағы оқиға сипатталады. Пеллегриноның айтуынша, Кэмерон желтоқсанның 22-сінде екі бомбалауды да бастан кешкен және биылғы жылғы қаңтарда 93 жасында қайтыс болған Нагасаки тұрғынының үйінде болған. Ол режиссерден осы қасірет және оның зардабы туралы жеткізуді өтінген - Кэмерон оны орындауға уәде берген.

Соңғы жаңалықтар