Джеймс Тони: Головкин Альваресті қорқа жүріп айқасуға мәжбүр етті

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Үш салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы 49 жастағы америкалық Джеймс Тони Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жекті тағатсыздана күтіп жүр, деп хабарлайды sports.kz .

Джеймс Тони: Головкин Альваресті қорқа жүріп айқасуға мәжбүр етті

 «Головкин мен Альвареске реванш өткізу керек», - деп мәлімдеді Тони. «Головкин Канелоны егер қашқақтамағанда  нокаутқа түсіретін еді. Ол Альваресті қатты қыспаққа алды және оны қорқа жүріп айқасуға мәжбүр етті».